Media Image
10.02.2026 8

Атырау университетінде Конституция жобасына арналған дөңгелек үстел өт

Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы: құқықтық мемлекет және азаматтық қоғамның рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға ғылыми-сарапшылық тобы мүшелері, университет оқытушылары, жас мамандар, Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы "Қоғамдық келісім" мекемесінің бас сарапшысы Шынаргүл Темірбаева қатысты. Дөңгелек үстелдің басты мақсаты – Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасының негізгі бағыттарын талқылау, құқықтық мемлекетті нығайтудағы ғылым мен азаматтық қоғамның рөлін айқындау болды.

Шара барысында Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы ҒСТ төрағасы, Атырау университетінің Басқарма төрағасы – ректор Саламат Идрисов алғы сөз сөйлеп, жаңа Конституцияның адамға бағдарланған мемлекет қалыптастырудағы маңызын атап өтті.

Тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Гүлфайруз Қайырғалиқызы өз сөзінде жаңа Конституцияның тарихи маңызы мен азаматтық қоғамды нығайтудағы рөліне тоқталды.

Сонымен қатар Атырау университеті Ғылым департаментінің директоры, экономика ғылымдарының кандидаты Эльмира Адиетова Жаңа Конституция жобасындағы ғылымның стратегиялық рөлі мен университет миссиясы туралы баяндама жасады. Медиация институтының дамуы, қоғамдық келісім мен өзара құрметті нығайту мәселелері бойынша медиация кеңес беру орталығының жетекші маманы Нұргүл Лұқманова өз пікірін білдірді. Ал Атырау университеті Қазақстан халқы Ассамблеясы Институтының директоры Айдана Бақытова құқықтық мемлекеттің негізгі қағидаттарына тоқталды.

Іс-шара қорытындысында қатысушылар жаңа Конституция жобасын жан-жақты талқылап, құқықтық мәдениетті арттыру мен азаматтық қоғамды дамытуға бағытталған ұсыныстарын ортаға салды.