Media Image
09.02.2026 10

«Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында іс-шара өтті

Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында Экология кафедрасының оқытушылары, «Қолданбалы экология» білім бағдарламасының 3-курс студенттері және куратор С. Аманжолқызының ұйымдастыруымен «Қалдықсыз өмір салты» тақырыбында жоба қорғау форматында экологиялық шара өтті.

Шара Экология кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к. Тлепбергенова А.Е.-нің алғы сөзімен басталды. Ол қалдықтарды қайта өңдеу бағытындағы экологиялық ғылыми жобалармен таныстырып, күкірт қалдықтарынан серобетон жасау, жеміс-жидек қалдықтарынан фитокожа өндіру, темекі қалдықтарынан брусчатка жасау, әйнек қалдықтарынан түрлі бұйымдар дайындау сияқты тың идеяларды баяндады.

Жоба қорғау форматының негізгі мақсаты – жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, тұрмыстық қалдықтарды азайту және ресурстарды тиімді пайдаланудың маңызын түсіндіру болды.

Қатысушылар қалдықтардың бүгінгі таңда жаһандық экологиялық мәселеге айналғанын атап өтіп, 5R қағидасы (бас тарту, азайту, қайта пайдалану, қайта өңдеу, компосттау) арқылы күнделікті өмірде қолдануға болатын нақты шешімдер ұсынды. Сонымен қатар, қалдықтарды сұрыптау жүйесі, статистикалық мәліметтер және әлемдік озық тәжірибелермен таныстырылды.

Бұл шара – «Таза Қазақстан» идеясын қолдауға бағытталған нақты қадам және экологиялық жауапкершілікті арттыруға арналған маңызды бастама болды.