Әдістемелік шоукейс аясында өзекті білім беру тақырыптары талқыланды
Әдістемелік декаданың бүгінгі кезекті жиыны шоукейс форматында өтті. «Әдістеме мен шеберлік» бағыты бойынша Гуманитарлық ғылымдар және өнер факультеті ұйымдастырған «Білім беру идеяларының зертханасы» атты шоукейсіне университеттің профессор-оқытушылары қатысты.
Іс-шара барысында оқытушылар білім беру үдерісіндегі өзекті әрі заманауи тақырыптарды қамтыған мазмұнды баяндамалар ұсынды. Атап айтқанда, «Инклюзия: мамандықтағы өзекті мәселелер», жасанды интеллекттің дінтану мамандығына тигізер пайдасы мен зияны, ЖИ көмегімен контент жасау мүмкіндіктері, журналистика саласындағы жасанды интеллекттің рөлі кеңінен талқыланды.
Баяндамалар барысында қатысушылар қазіргі білім беру кеңістігіндегі өзгерістер, цифрлық технологиялардың ықпалы, гуманитарлық саладағы жаңа бағыттар мен әдістемелік тәжірибелер жөнінде пікір алмасты.
Шара оқытушылардың кәсіби шеберлігін арттыруға, заманауи білім беру идеяларын ортаға салуға және тәжірибе алмасуға арналған тиімді алаңға айналды.