Media Image
20.01.2026 3

Профессор-оқытушылар мен қызметкерлер арасындағы өткен спартакиада мәресіне жетті

Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің №76 - шы профессор-оқытушылар мен қызметкерлер арасындағы өткен спартакиада мәресіне жетті.

8 қаңтар күні басталған спорттық бәсеке тартысқа толы болды. Әрбір ұпай мен әрбір жүлде үшін командалар бар күш-жігерін салып, нағыз спорттық рухты көрсете білді.

7 спорт түрі бойынша өткен додада командалық есеп нәтижесі төмендегідей болды:

– Бас жүлде – Инновациялық білім беру факультеті

– II орын – Физика-математика және ақпараттық технологиялар факультеті

– III орын – Гуманитарлық ғылымдар және өнер факультеті

Спартакиада аясында әрбір спорт түрі бойынша үздік ойыншылар анықталып, жоғары шеберлігімен, белсенділігімен және жеңіске деген жігерімен көзге түскен қатысушылар марапатталды:

🏀 Баскетболдан үздік ойыншылар:

– Тұмышев Бердібек (Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті)

– Тауова Нұрсауле (Жаратылыстану ғылымдары факультеті)

– Лұқпанов Саламат (Жаратылыстану ғылымдары факультеті)

🏓 Үстел теннисінен үздік ойыншылар:

– Ележанова Шынар (Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті)

– Жарылғасова Мөлдір (Гуманитарлық ғылымдар және өнер факультеті)

♟ Шахмат ойынынан үздік ойыншылар:

– Рахметов Жексенбек (Гуманитарлық ғылымдар және өнер факультеті)

– Ирзагалиев Қосымбек (Жаратылыстану ғылымдары факультеті)

🎯 Асық атудан үздік ойыншылар:

– Тұрдалиев Қаділбек (Экономика және құқық факультеті)

– Уәлібай Нұрбақыт (Көптілді білім беру факультеті)

🎱 Классикалық бильярд ойынынан үздік ойыншылар:

– Рыспаев Мұрат (Жаратылыстану ғылымдары факультеті)

– Мұхамбетқалиев Шыңғыс (Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті)

🏐 Волейболдан үздік ойыншылар:

– Исатайқызы Бибінұр (Жаратылыстану ғылымдары факультеті)

– Сағидолла Сәуірбек (Экономика және құқық факультеті)

– Өмірбаева Асемай (Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті)

⚽ Кіші аяқ добынан үздік ойыншылар:

– Чукуров Асхат (Гуманитарлық ғылымдар және өнер факультеті)

– Утениязов Нұрбол (Жаратылыстану ғылымдары факультеті)

– Сапаров Ершат (Инновациялық білім беру факультеті)

🤹 Көңілді эстафетадан үздік ойыншылар:

– Аймұратов Сағынгерей (Гуманитарлық ғылымдар және өнер факультеті)

– Кенжеғалиева Зита (Экономика және құқық факультеті)

Жабылу салтанатына Атырау университетінің басқарма төрағасы – ректоры Саламат Нұрмұханұлы, проректорлар, сондай-ақ университетіміздің ардагер ұстаздары мен профессорлары қатысып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттады. Командалық және жекелей сайыста топ жарған қатысушыларға қаржылай сыйлықтар табыс етілді.

 Барша жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз!

Байрақты бәсекелерде жеңіс тұғырынан көріне берейік!