Футзалдан финалдық ойындар өз мәресіне жетті
Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде профессор-оқытушылар мен қызметкерлер арасында ұйымдастырылған дәстүрлі спартакиада өз жалғасын тапты.
Бүгін факультеттер арасындағы футзалдан финалдық ойындар өтті. Тартысқа толы кездесулерде командалар жоғары дайындықтарын, ұйымшылдығы мен спорттық шеберліктерін көрсетті. Алаңдағы атмосфера ерекше болды.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
🥇 1-орын – Жаратылыстану ғылымдары факультеті
🥈 2-орын – Инновациялық білім беру факультеті
🥉 3-орын – Гуманитарлық ғылымдар және өнер факультеті
4-орын – Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті
5-орын – Экономика және құқық факультеті
6-орын – Көптілді білім беру факультеті
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз! Барлық қатысушы командаларға белсенділік танытып, салауатты өмір салтын насихаттағандары үшін алғыс білдіреміз.