Media Image

25 June 2025

Түлектер қауымдастығының алғашқы отырысы өтті

Бүгін Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Түлектер қауымдастығының алғашқы отырысы өтті.

85 жылдық тарихы бар Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті осы уақытқа дейін 70 000-нан астам түлекке жоғары білім беріп, оларды ел игілігі үшін қызмет ететін маман ретінде тәрбиелеп шығарды.

Осы орайда, университет қабырғасынан түлеп ұшқан түлектердің басын біріктіретін маңызды алаң — Түлектер қауымдастығы құрылды. Бұл бастама - әлемдік тәжірибеде кең таралған жүйелі үрдіс. Айта кетейік, жоғары оқу орындарындағы Endowment қорларының жұмысын реттейтін  заңнамалық нормалар  бүгінде қарастырылып жатыр. Қазақстандық университеттерде де  Endowment қорлардың тиімді жұмыс жасап жатырған тәжірибелері бар. 

Жиында университеттің басқарма төрағасы -ректор Саламат Идрисов, проректор Ләйлә Қойшығұлова, профессор Шынар Ележанова, баспа орталығының директоры Бердібек Тумышев түлектер қауымдастығы жұмысын ұйымдастыруға қатысты ойларын ортаға салды. 

Кездесуге университетте еңбек етіп жүрген түлектер қатысып, қауымдастықтың алдағы жоспарларын талқылап, ортақ мақсаттарға жету жолында ынтымақтасуға дайын екендігін білдірді.

file