Media resources
Announcement

AP23490925 «Қазақстанда қауіпсіз су, санитария, су жүргізу жүйелері үшін жасанды интеллект пен машиналық оқытуды пайдалана отырып тұрақты даму мақсатына қол жеткізу» гранттық қаржыландыру жобасы шеңберінде бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға қажетті тауарларды сатып алу туралы хабарландыру

«Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КеАҚ AP23490925 « Қазақстанда қауіпсіз су, санитария, су жүргізу жүйелері үшін жасанды интеллект пен машиналық оқытуды пайдалана отырып тұрақты даму мақсатына қол жеткізу» жобасы аясында гранттық қаржыландыру шеңберінде бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға қажетті тауарларды сатып алуды жариялайды.

 

Тапсырыс беруші: «Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 060011, Атырау қаласы, Студенттік даңғылы, 1

БСН: 990240001891

Сатып алу тәсілі: Баға ұсыныстарын сұрату

Ұсыныстарды қабылдау басталатын мерзім: 2025 жылғы 11 желтоқсан сағат 09:00

Ұсыныстарды қабылдау аяқталатын мерзім: 2026 жылғы 14 желтоқсан, сағат 18:00-ге дейін

Ұсыныстарды ұсыну тілі: қазақ / орыс тілдері

Қатысушыларға қойылатын талаптар:

1. Сатып алуға Сатып алу комиссиясының төрағасымен немесе мүшелерімен, ғылыми жобалардың жетекшілерімен, сондай-ақ ғылыми жобаларды іске асыру тобының (командасының) құрамына кіретін қызметкерлермен аффилиирленген қатынастағы әлеуетті жеткізушілер қатыса алмайды.

2. Әлеуетті жеткізушілер заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркелген болуы тиіс.

3. Әлеуетті жеткізушілердің мемлекеттік тіркеу мерзімі тауарларды, жұмыстарды немесе қызметтерді сатып алу бойынша өтінім берілген күнге дейін кемінде 1 (бір) жыл болуы тиіс.

4. Әлеуетті жеткізушілер мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылары тізілімінде болмауы тиіс.

Баға немесе коммерциялық ұсыныстардың (прайс-парақтардың) мазмұны:

• Қатысушының толық атауы, заңды және нақты мекенжайы;

• Телефон нөмірі, электрондық пошта, банктік деректемелері;

• Тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің толық әрі нақты спецификациясы;

• Бірлік бағасы және жалпы бағасы, барлық шығындарды ескере отырып, ҚҚС-сыз;

• Тауарды жеткізу мерзімі, жұмыстарды орындау/қызметтерді көрсету кестесі (кезеңдер немесе нақты күндер бойынша);

• Кепілдік мерзімдері, сапалық сүйемелдеу шарттары;

• Төлем шарттары.

Ақпараттың дұрыстығына жауапкершілік:

Жалған немесе дұрыс емес мәліметтер ұсынған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дисквалификация немесе өзге де санкциялар қолданылады.

Баға немесе коммерциялық ұсыныстар (прайс-парақтар) келесі электрондық пошта мекенжайына жолдануы тиіс: kense@asu.edu.kz

Ескертпе / ерекше шарттар:

• Ұсыныстарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін түскен ұсыныстар қарастырылмайды.