Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде 2026 жылғы ICPC Kazakhstan Regional Contest халықаралық бағдарламалау олимпиадасының аймақтық кезеңі қорытындыланды.
Батыс Қазақстан өңіріндегі бес жоғары оқу орнынан (Атырау, Орал және Ақтөбе қалаларынан) жиналған 11 команда бес сағат бойы алгоритмдік есептерді шешу бойынша бақ сынады. Зияткерлік сайыс барысында қатысушылардың логикалық ойлау қабілеті, бағдарламалау дағдылары, жылдам шешім қабылдауы және командалық жұмыс үйлесімділігі сынға түсті.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер төмендегідей анықталды:
I орын — Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау университеті;
II орын — М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті;
III орын — Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті.
Жүлделі үш орынға ие болған командалар ICPC халықаралық олимпиадасының келесі кезеңі — жартылай финалға (1/2 финал) жолдама алды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! Алдағы кезеңде сәттілік, жоғары нәтиже және жаңа жетістіктер тілейміз!