Media resources
АТЫРАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ БІРЛЕСКЕН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР БАҒДАРЛАМАСЫ ШЕҢБЕРІНДЕГІ ҚОРЫТЫНДЫ СЕМИНАРҒА ҚАТЫСТЫ
News

АТЫРАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ БІРЛЕСКЕН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР БАҒДАРЛАМАСЫ ШЕҢБЕРІНДЕГІ ҚОРЫТЫНДЫ СЕМИНАРҒА ҚАТЫСТЫ

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті 2026 жылдың 28-қазан күні Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен Дүниежүзілік банк жүзеге асыратын Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасы шеңберінде «Қазақстандағы академиялық және зерттеу артықшылығы орталықтары: нәтижелер, практикалық тәсілдер және даму перспективалар» атты қорытынды семинар ұйымдастырды.
Семинарға Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінен Ғылым және инновациялар жөніндегі проректор Алтынбасов Б.О., Стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректор Закарья Р.Т., Вице-проректор Сулейменова Ж.У., Ғылым департаментінің директоры Адиетова Э.М. онлайн қатысып, семинар барысында БЭЗБ шеңберінде Қазақстандағы академиялық және зерттеу артықшылығы орталықтары бастамасын кеңестік сүйемелдеу жұмыстарының нәтижелері қорытындыланып, академиялық адалдық принциптері, ғылыми-зерттеу қызметін, инновацияларды және университеттердің индустриямен өзара іс-қимылын дамытуға арналған практикалық тәсілдер талқыланды. Семинардың екі жартысында халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамыту және еуропалық зерттеу бағдарламалары шеңберінде қаржыландыруды тарту бойынша практикалық тренинг өткізілді. 
Семинар барысында халықаралық сарапшылардың баяндамалары тыңдалып, кеңестік сүйемелдеу аясында дайындалған практикалық нұсқаулар ұсынылып, жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктері, ғылыми жасақтамалар мен инновациялық қызметтерді коммерциализациялау бойынша тәжірибелер алмасылды.