Media resources
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ «LANGUAGE DAY» ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
News

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ «LANGUAGE DAY» ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Атырауда Мемлекеттік қызметшілердің шет тілдерін үйренуге деген қызығушылығын арттыру, коммуникативті қабілеттерін жетілдіру және халықаралық тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін бөлісу мақсатында ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалында “ Speaking Club” кездесуі өтті. 
Іс-шараға  Атырау облысы бойынша филиалының директоры Ғабдығапаров Еркебұлан Серікұлы және Атырау облысы бойынша департаментінің  басшысы Еркебаев Нұрлан Тәңірбердіұлы қатысты. 
Кездесу аясында  Түркия елшілігінің қолдауымен жүзеге асырылатын шетелдік профессор бағдарламасының волонтері Профессор Адем Өгер,  АҚШ елшілігінің Fulbright ETA бағдарламасының волонтері Логан Смит және Ғылым департаментінің Қоғамдық келісімді дамыту институты директоры Қарлығаш Маштайқызы Әшірханова өз тәжірибелерімен бөлісті. 
Кездесу барысында шет тілдерінде еркін сөйлесу дағдыларын қалыптастыру,тілдік құзіретті дамыту, мәдени дипломатия мен халықаралық бағдарламалар туралы маңызды ақпараттар берілді.