Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің Басқарма төрағасы – ректор Саламат Идрисов университет жанындағы дарынды балаларға арналған «Ұстаз» мектеп-интернатында әр жылдары еңбек еткен педагогтерді қабылдады.
Мектептің қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі, жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі еңбегі үшін ұстаздар университеттің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Университет ректоры ұстаздарға мектептің қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. Мектептің білім беру дәстүрін орнықтыруда, дарынды балалардың қабілетін ашып, ізденісіне бағыт беруде олардың тәжірибесі мен кәсіби біліктілігінің орны ерекше екенін жеткізді.
Кездесу барысында педагогтер мектепте еңбек еткен жылдардағы естеліктерімен бөлісіп, оның алдағы дамуына қатысты пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды. Ұстаздар арасындағы тәжірибе сабақтастығы, оқушылардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамыту мәселелері талқыланды.
Ұстаздар еңбектеріне құрмет көрсетіп, жылы қабылдағаны үшін университет басшылығына ризашылықтарын білдірді.