Media resources
КАСПИЙ ОЙЫНДАРЫ – 2026: АТЫРАУ УНИВЕРСИТЕТІ ЖЕҢІМПАЗ!
News

КАСПИЙ ОЙЫНДАРЫ – 2026: АТЫРАУ УНИВЕРСИТЕТІ ЖЕҢІМПАЗ!


 Ақтау қаласында VIII Халықаралық «Каспий ойындары – 2026» универсиадасы аяқталды.

 Универсиадаға Каспий маңы елдері – Қазақстан, Әзербайжан, Иран, Ресей және Түрікменстаннан 400-ден астам студент-спортшы қатысып, спорттың 10 түрінен бақ сынады.

 Ауқымды жарыста Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің 100 студент-спортшысы спорттың 9 түрінен сынға түсіп, барлығы 29 медаль жеңіп алды.

 Жарыс қорытындысы бойынша Атырау университеті жалпыкомандалық есепте І орын иеленді!

Айта кетейік, бұл – университеттің халықаралық универсиададағы үшінші жеңісі.

 Бұл айтулы жетістік – студент-спортшыларымыздың қажырлы еңбегі мен табандылығының, бапкерлері мен жаттықтырушыларының кәсіби шеберлігі мен жүйелі дайындығының нәтижесі.

 Университет намысын абыроймен қорғаған барлық студент-спортшыларымызға, олардың бапкерлері мен жаттықтырушыларына шынайы алғыс білдіреміз! Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді жарқын жеңісімен құттықтаймыз!