Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде Назарбаев Университетінің профессорлары қатысқан қонақ дәрістер өтті.
Қонақтар университеттің ғылыми-зерттеу зертханаларын аралап, ондағы заманауи құрал-жабдықтармен және жүргізіліп жатқан зерттеулермен танысты.
Бағдарлама аясында екі параллельді дәріс ұйымдастырылды. Назарбаев Университетінің Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебі Химиялық және материалдық инженерия кафедрасының меңгерушісі, профессор Dr. Stavros G. Poulopoulos «How to Lose $500 Million Without Even Trying» тақырыбында дәріс өткізді. Профессор өндірістік үдерістердегі қателіктердің экономикалық және экологиялық салдары, тәуекелдерді дұрыс бағалау мен тиімді шешім қабылдаудың маңызы туралы айтты.
Назарбаев Университетінің Кен және жер туралы ғылымдар мектебінің декан орынбасары, PhD, Мұнай инженериясы кафедрасының профессоры Peyman Pourafshary «Fast Simulation Approach for Reservoir Management» тақырыбында дәріс оқыды. Дәріс барысында кен орындарын басқаруда қолданылатын жылдам симуляциялық тәсілдер, цифрлық модельдеу мен заманауи технологиялардың мүмкіндіктері қарастырылды.
Кездесу соңында сұрақ-жауап сессиясы ұйымдастырылып, қатысушылар өзара пікір алмасты. Қонақ дәрістер студенттердің кәсіби білімін кеңейтіп, ғылым мен өндірістегі озық тәжірибелермен танысуына мүмкіндік берді.