Media resources
ҚАЛАМГЕР ТАҒЫЛЫМЫ — ЖАС БУЫНҒА БАҒДАР
News

ҚАЛАМГЕР ТАҒЫЛЫМЫ — ЖАС БУЫНҒА БАҒДАР

Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде Журналистика және дінтану кафедрасының ұйымдастыруымен қонақ дәріс өтті.

 Кездесудің құрметті қонағы — ақын, журналист-публицист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Атырау университетінің құрметті профессоры Өтеген Оралбайұлы болды. Сондай-ақ іс-шараға «Атырау» газетінің бас редакторы Назарбек Қосшиев қатысты.

 Қонақ дәріс барысында студенттер қаламгердің шығармашылық жолы мен журналистика саласындағы тәжірибесінен тағылым алып, кәсіби дүниетанымын кеңейтуге мүмкіндік алды. Мұндай кездесулер жас буынның сөз өнеріне қызығушылығын арттырып, журналист мамандығының қоғамдық маңызын тереңірек түсінуге ықпал етеді.

 Университет білім мен тәжірибе сабақтастығын нығайтуға, студенттердің кәсіби қалыптасуы мен шығармашылық әлеуетін дамытуға ерекше мән береді. Қаламгерлермен жүздесу — болашақ журналистерге бағыт-бағдар беріп, олардың кәсіби ізденісіне серпін беретін тағылымды тәжірибе.