Media resources
БІЛІМНЕН – БІЛІККЕ, ШӘКІРТТІКТЕН – ҰСТАЗДЫҚҚА
News

БІЛІМНЕН – БІЛІККЕ, ШӘКІРТТІКТЕН – ҰСТАЗДЫҚҚА

Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде болашақ педагогтердің кәсіби қалыптасуы мен тұлғалық дамуына бағытталған «LEVEL UP: Студенттен маманға» атты оқу-әдістемелік семинар болып өтті.

 Семинар жұмысы екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлім барысында «Prof қадам: тәлімгерлік және кураторлық» жобасын іске асырудың ұйымдастырушылық және әдістемелік аспектілерін, жобаның мазмұны мен жүзеге асырылу ерекшеліктерін Кадрларды қайта даярлау және біліктілікті арттыру кеңсесінің жетекшісі Г.Нұрсұлтанова таныстырып, айтып өтті. Сонымен қатар өткен 2025-2026 оқу жылында Тәлімгерлік жобасымен Д.Қонаев және әл Фараби атындығы Binom School мектеп-лицейлерінде болған Реймбаева Жансая мен Жеңісова Дамира қазіргі таңда тәлімгерлік жоба бойынша сөйлеп, жоба аясында жинақтаған тәжірибелерімен бөлісті. Олардың пікірлері болашақ педагогтердің кәсіби қалыптасуындағы тәлімгерліктің маңызы айқындала түсті.

 Семинардың 2-бөлімі тәжірибелік жұмыспен жалғасты. Студенттер QR код арқылы топқа бөлініп, әртүрлі мамандықтың болашақ мұғалімдері бір-бір топқа жиналды. Студенттер педагогикалық жағдаяттарды талдады, топтық жұмыс арқылы шешу жолдарын ұсынды. Студенттер семинар соңында “Wooclap” платформасы арқылы, құнды, қызық, қиын пікірлерін «3Қ» әдісімен кері байланыс берді.

 ««LEVEL UP: студенттен маманға» семинар жұмысы – тек кәсіби деңгейдің өсуі емес, тұлғалық кемелденуге бастайтын жолдың бастауы болды деп айтуға болады, себебі семинар барысында ұлы ақынымыз А.Құнанбаевтың «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» ұстанымы білімді, жауапкершілігі жоғары әрі адамгершілігі мол педагог қалыптастырудың рухани бағдаршысы болып қала беретіндіктерін де бір дәлелі бола алатын жұмыстың кілтін де аша алды.

 Нағыз маман болу – үздіксіз іздену, тәжірибеден сабақ алу және өзіңді үнемі жетілдіру. Ендеше, әрбір болашақ педагогтің кәсіби жолы біліммен, ізгілікпен және жаңашылдықпен өрілсін.