Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде «Рақымжан Отарбаевтың мұрасы: ұлттық әдебиет, тарихи сана және рухани сабақтастық» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шара белгілі драматургтың 70-жылдығына арналған. Жиынға түрлі өңір мен шетелдерден келген ғалымдар да қатысты. Олар Рақымжан Отарбаевтың шығармашылығындағы бояу, оның өзіндік қолтаңбасы жайында сөз қозғады.