Media resources
ЖЕҢІМПАЗ СТУДЕНТТЕРГЕ ЖЕҢІЛДІК ЖӘНЕ СЫЙАҚЫ БЕРІЛЕДІ
News

ЖЕҢІМПАЗ СТУДЕНТТЕРГЕ ЖЕҢІЛДІК ЖӘНЕ СЫЙАҚЫ БЕРІЛЕДІ

Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде VIII халықаралық студенттік «Каспий ойындарының» жеңімпаздарын құттықтау салтанаты өтті. Жиынжа жеңімпаз студенттерді ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Руслан Емелбаев пен Басқарма төрағасы Саламат Идрисов құттықтады.  

Жеңімпаздарды ұлықтау салатанаты жақында ғана күрделі жөндеуден өткен спорт залында ұйымдастырыды. Атырау универсиетінің спортшылары 2026 жылғы 5–9 қазан аралығында Ақтау қаласындағы Yessenov University өткен халықаралық «Каспий ойындары-2026» универсиадасында командалық есепте 1 орынды иеленді. Халықаралық додаға Қазақстан, Әзербайжан, Иран, Ресей және Түрікменстан елдерінне 400 ден астам студент қатысып, спорттың 10 түрінен бақ сынады.

Ауқымды жарыста Атырау университетінің студенттері жүзу, шахмат, футзал, баскетбол, волейбол, самбо, бокс, каратэ-до және киберспорт түрлерінен жүлделі орындарға қол жеткізді. Атап айтқанда, футзал, баскетбол, киберспорт және қыздар волейболы командалары чемпион атанды. Самбодан қыздар құрамасы І орын, ұлдар құрамасы ІІ орын иеленді. Жүзуден студент Дарья Чеснакова 3 алтын және 1 қола медаль жеңіп алса, шахматтан Диляра Ғабитова алтын медальды жеңіп алды.

Салтанатты шарада университеттің Басқарма төрағасы – ректоры Саламат Идрисов жеңімпаздарды құттықтап, студенттік спортты қолдауға бағытталған маңызды шешімін жариялады:

– Студенттеріміз биыл «Каспий ойындарының» үш дүркін чемпионы атанды. Бұл – спортшыларымыздың табандылығы мен жаттықтырушыларымыздың қажырлы еңбегінің нәтижесі. Біз студенттеріміздің біліммен қатар спортта да биік белестерді бағындыруына әрдайым қолдау көрсетеміз. Сондықтан халықаралық жарыста жүлделі орын алған ақылы бөлімде оқитын әрбір студентке жеңісіне қарай жеңілдіктер қарастырамыз. Яғни, оқу ақысына ереже сай жеңіліктер беріледі. Ал мемлекеттік білім гранты негізінде оқитын жеңімпаздарға бір реттік шәкіртақы тағайындалады. Бұл – студенттеріміздің еңбегіне көрсетілген құрмет әрі алдағы жеңістеріне берілген қолдау, – деді Басқарма төрағасы – ректоры .

Шара барысында жеңімпаз студенттерге құрмет көрсетіліп, олардың жетістіктеріне үлес қосқан жаттықтырушылардың еңбегі атап өтілді.

Ал күрделі жөндеуден өткен спорт залының пайдалануға берілуі университеттің спорттық инфрақұрылымын дамытудағы маңызды қадамдарының бірі. Жаңартылған нысан студенттердің спортпен жүйелі айналысуына, шеберлігін шыңдап, алдағы жарыстарға сапалы дайындалуына мүмкіндік береді.

 

Баспасөз қызметі