Media resources
Мерейлі марапат
News

Мерейлі марапат

5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне орай Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен «Тіл – бірлік тұғыры» атты салтанатты шара өтті. Шара барысында Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің қауымдастырылған профессоры, география ғылымдарының кандидаты Қуанов Мағыпар Саламатұлы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

📚 Мағыпар Саламатұлы  қазақ тіліндегі Уикипедияның дамуына елеулі үлес қосып жүрген ғалымдардың бірі. Ол қазақша Уикипедияда 87 мыңға жуық өңдеме жасап, 3000-ға жуық мақала жазған. Ғалымның бұл еңбегі қазақ тіліндегі сапалы контенттің көбеюіне, ұлттық білім қорын толықтыруға және ана тілінің цифрлық кеңістіктегі қолданысын кеңейтуге бағытталған. Сонымен қатар университетіміздің биылғы түлегі Дошкан Марлен қазақша Уикипедияны дамытуға қосқан үлесі үшін ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды.

Бұл  университетімізде білім мен ғылымды ғана емес, ана тілін дәріптеу мен қазақ тілінің цифрлық кеңістіктегі қолданысын кеңейтуге бағытталған бастамалардың да қалыптасып келе жатқанының айқын көрінісі. Университет ғалымы мен түлегінің қатарынан осындай марапатқа ие болуы біз үшін үлкен мақтаныш. Олардың еңбегі кейінгі буынға үлгі болып, қазақ тіліндегі білім мен ғылыми контенттің дамуына жаңа серпін береді деп сенеміз.

👏 Қуанов Мағыпар Саламатұлын және Дошкан Марленді жоғары марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз! Ғылыми ізденістеріңіз бен шығармашылық еңбектеріңіз жемісті болып, қазақ тілінің дамуына қосар үлестеріңіз арта берсін!