Media resources
АТЫРАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІ КЕҢЕЙДІ
News

АТЫРАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІ КЕҢЕЙДІ

АТЫРАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІ КЕҢЕЙДІ

Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде студенттерге қолайлы әрі заманауи білім беру ортасын қалыптастыру мақсатындағы тағы бір нәтижелі жұмыс жүзеге асты. 

Бүгін университеттің Азаттық даңғылы, 1Б мекенжайында орналасқан төрт қабатты ғимарат Атырау университетінің меншігіне берілді. Ғимаратта Бейнелеу өнері және дизайн кафедрасы мен әскери кафедра орналасты.

Ашылу салтанатына студенттер, университетіміздің профессор-оқытушылар құрамы қатысты.  Жаңа ғимараттың лентасын  Атырау облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы, қоғам қайраткері Мұрат Өтешов және университетіміздің Құрметті профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Асхат Сәлімұлы қиды.

Жиында  Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің Басқарма төрағасы-ректор Саламат Идрисов сөз сөйлеп, жаңа ғимараттың ашылуымен құттықтады. Университет басшысы жаңа нысанның студенттерге сапалы білім алуға, кәсіби дағдыларын жетілдіруге және шығармашылық әлеуетін дамытуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Ғимарат заманауи талаптарға сай жабдықталған. Мұнда білім алушылардың теориялық білімін тәжірибемен ұштастыруына мүмкіндік беретін оқу кабинеттері, қажетті құрал-жабдықтар мен оқу-әдістемелік база қарастырылған.

Жаңа нысанда орналасқан Бейнелеу өнері және дизайн кафедрасында қазіргі таңда үш білім беру бағдарламасы бойынша 460 студент білім алуда. Жаңа кеңістікте студенттер шығармашылық қабілеттерін дамытып, кәсіби шеберліктерін жетілдіре алады. Ал әскери кафедрада бүгінде 75 екінші курс студенті әскери даярлықтан өтуде. Жаңа оқу жылында запастағы офицерлер бағдарламасына 85, запастағы сержанттар бағдарламасына 120 студент қабылдау жоспарлануда.

Бұл университетіміздің материалдық-техникалық базасын нығайту бағытындағы жұмыстардың бір бөлігі. Алдағы уақытта да студенттеріміздің сапалы білім алып, ғылыммен айналысып, шығармашылық қабілеттерін дамытуы үшін қолайлы орта қалыптастыру жұмыстары жалғаса береді.