Media resources
ПЕДАГОГТІК ҚАЙТА ДАЯРЛАУ КУРСЫ: ДАМУ ДИНАМИКАСЫ ЖӘНЕ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР
News

ПЕДАГОГТІК ҚАЙТА ДАЯРЛАУ КУРСЫ: ДАМУ ДИНАМИКАСЫ ЖӘНЕ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

ПЕДАГОГТІК ҚАЙТА ДАЯРЛАУ КУРСЫ: ДАМУ ДИНАМИКАСЫ ЖӘНЕ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде 2026-2027 оқу жылының педагогтік қайта даярлау курсының тыңдаушыларымен кездесу өтті. Кездесу барысында Кадрларды қайта даярлау және біліктілікті арттыру кеңсесінің жетекшісі Гүлжан Жаманбайқызы аталған курстың даму динамикасы мен білім беру бағдарламалары, негізгі нәтижелері, курс барысымен таныстырып, түсінік жұмыстарын жүргізді. 

Курсқа қатысушылар саны жыл сайын артып, білім беру бағдарламаларының мазмұны жүйелі түрде жаңартылып келеді. 2020–2021 оқу жылында 12 тыңдаушы білім алса, 2024–2025 оқу жылында олардың саны 97-ге жетті. 2025–2026 оқу жылында 82 тыңдаушы қорытынды аттестаттаудан өтіп, сертификат иеленді. 
Ал 2026–2027 оқу жылына 102 тыңдаушы қабылданды.
2024–2025 оқу жылынан бастап педагогтік қайта даярлау курстары жаңартылған IP бағдарламалары негізінде 63 кредит көлемінде ұйымдастырылуда. Бұл өзгеріс болашақ педагогтердің кәсіби даярлығын тереңдетуге, теориялық білімін тәжірибемен ұштастыруға және заманауи білім беру талаптарына бейімдеуге бағытталған.
Кездесу барысында:
🔹 үздіксіз және педагогикалық-өндірістік практиканы ұйымдастыру тәртібі;
🔹 курс тыңдаушыларына қойылатын негізгі талаптар;
🔹 педагогтің кәсіби дамуына қажетті Soft, Hard, Smart және Self skills дағдылары;
🔹 курстың мүмкіндіктері мен даму бағыттары талқыланды.

Педагогтік қайта даярлау курсы – жаңа мамандықты қайта даярланып меңгеруге арналған білім беру бағдарламасы ғана емес, кәсіби өсуге, үздіксіз ізденуге және табысты педагогикалық қызметке бастайтын маңызды қадам.

Болашаққа бағытталған білім – табысты педагогтің берік негізі!
Биылғы оқу жылына оқуға тапсырған әр білім алушыға тек қана сәттіліктер мен табыстар тілейміз 🤝

#АтырауУниверситеті #ПедагогтікҚайтаДаярлау #БолашақПедагог #ҮздіксізБілім #КәсібиДаму #ПедагогикалықБілім #БілімБерудегіЖаңашылдық