Media resources
ДОКТОРАНТУРАҒА ҚАБЫЛДАНҒАН ӘРІПТЕСТЕРДІ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
News

ДОКТОРАНТУРАҒА ҚАБЫЛДАНҒАН ӘРІПТЕСТЕРДІ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің докторантурасына және өзге де жоғары оқу орындарына оқуға қабылданған әріптестерімізді құттықтаймыз.
Биыл Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті «D010 – Математика педагогтерін даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша алғаш рет докторанттарды қабылдады. Олар – аталған факультеттің математика және математиканы оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі Зульфия Жанұзақова мен бағдарламалық инженерия кафедрасының магистрі, сеньор-лекторы Нұргүл Байтемірова. Сондай-ақ, Атырау университеті экономика және құқық факультетінен ашылған «D0104- Экономика» бағыты бойынша докторантураға факультеттің сеньор-лекторы Мейрамгүл Дінғазиева қабылданды.
Ал Гуманитардық ғылымдар және өнер факультеті Қазақстан және дүниежүзі тарихы кафедрасының докторантурасы екінші жыл зерттеуші ғалымдарды оқуға қабылдады. Докторанттар ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің алғаш рет Атырау университетіне бөлген мемлекеттік білім грантымен оқиды. «D053 – Тарих» ББ бойынша докторантураға кафедраның аға оқытушысы Жігер Сәкенов пен белгілі зерттеуші-ғалым Бауыржан Шәмші қабылданды.
Сондай-ақ, Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің бірқатар қызметкерлері еліміздегі іргелі жоғары оқу орындарының докторантурасына оқуға түсті. Жаратылыстану факультеті биология және балық шаруашылығы кафедрасының оқытушысы Айкөркем Сәтібек – Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «8D01513 – Биология» ББ бойынша докторантураға оқуға түсті. Көптілді білім беру факультетінің жас ғалымы Асылби Әбілхайыр – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «D056 – Аударма ісі: ілеспе аударма» ББ бойынша докторантураға түсті.
Сонымен қатар, осы факультеттің география және туризм кафедрасының сеньор-лекторлары Элина Исағалиева мен Гаухар Таскалиева – Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың «8D11105 – Туризм» ББ бойынша докторантураға оқуға қабылданды. Ал география және туризм кафедрасының лаборанты Салтанат Досқалиева – «8D07208 – Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» ББ бойынша Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетіне оқуға түскен. Сондай-ақ, аталған университеттің «D072 – Менеджмент және басқару» ББ бойынша докторантурасына Атырау университеті халықаралық әріптестік және интернационалдандыру кеңсесінің жетекші маманы Мереке Омарова да оқуға түскен.
Бұдан бөлек, Инновациялық білім беру факультеті психология және педагогика кафедрасының аға оқытушылары Шынар Бисенова мен Нұргүл Қарабаева – Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың «6D066 – Психология» және «6D001 – Педагогика және психология» ББ бойынша докторантураға қабылданды.
Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университеті ұжымы атынан докторантураға оқуға түскен барлық әріптестерімізге сәттілік тілейміз.

Х.Досмұхамедұлы атындағы
Атырау университетінің баспасөз қызметі