Media resources
Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде жаңа оқу жылына дайындық барысы пысықталды
News

Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде жаңа оқу жылына дайындық барысы пысықталды

Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің Басқарма төрағасы – ректоры Саламат Нұрмұханұлы жаңа оқу жылы қарсаңында университеттің оқу корпустарын аралап, жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

Аралау барысында оқу ғимараттарындағы жөндеу жұмыстарының сапасы мен орындалу мерзімі, сондай-ақ білім алушылар үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар назарға алынды. Қазіргі таңда университеттің барлық құрылымдық бөлімшелері жаңа оқу жылын жоғары деңгейде қарсы алуға жұмылдырылған.

Сонымен қатар Саламат Нұрмұханұлы қабылдау комиссиясының жұмысымен танысып, талапкерлерге көрсетіліп жатқан қызмет сапасына ерекше мән берді. Құжат қабылдау науқаны университет өміріндегі маңызды кезеңдердің бірі болғандықтан, талапкерлерге қолайлы жағдай жасау, ақпараттық қолдауды күшейту және олардың сауалдарына жедел жауап беру мәселелері талқыланды.

Университетте жаңа оқу жылын сапалы ұйымдастыру, білім алушылар үшін заманауи, жайлы әрі қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасады. Материалдық-техникалық базаны нығайту және білім беру инфрақұрылымын жетілдіру университеттің басым бағыттарының бірі болып қала береді.