Media resources
Атырау университетінде тұрғындарға құқықтық қолдау көрсетілді
News

Атырау университетінде тұрғындарға құқықтық қолдау көрсетілді

Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде Атырау облысы Әділет департаментімен бірлесіп, Заң клиникасының ұйымдастыруымен азаматтарға тегін құқықтық көмек көрсету мақсатында қоғамдық қабылдау өткізілді.

Іс-шараға:

* Анжанова Айгүл Айдынқызы – Атырау облысы Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің басшысы;
* Жумургужина Венера Мерекеевна – Атырау облысы Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы;
* Қақиева Айнагүл Қазыбекқызы – Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы;
* Кубаева Айкерим Танатаровна – Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы;
* Есбосын Асан Балғабайұлы – адвокат;
* Байтемиров Бектұрған – жеке сот орындаушысы;
* Аязбаева Гүлжанат Талапкерқызы – жеке нотариус қатысып, тұрғындарға құқықтық мәселелер бойынша тегін кеңес берді.

Қоғамдық қабылдау барысында 100-ден астам тұрғынның сауалдарына жауап берілді. Олардың қатарында ата-аналар, жастар және өзге де азаматтар болды. Қатысушылар нотариаттық іс-әрекеттер, адвокаттық көмек, азаматтық, отбасылық және басқа да құқықтық мәселелер бойынша білікті мамандардан жан-жақты түсіндірме алып, өздерін толғандырған сұрақтарға нақты жауап алды.

Мұндай іс-шаралар халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, заң көмегінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге және Экономика және құқық факультеті білім алушыларының тәжірибелік дағдыларын дамытуға бағытталған.

Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің Заң клиникасы тұрғындарға құқықтық қолдау көрсету жұмыстарын алдағы уақытта да жалғастырады.