Media resources
Ғылыми кітапхана қоры құнды әдеби туындымен толықты
News

Ғылыми кітапхана қоры құнды әдеби туындымен толықты

Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің ғылыми кітапханасының қорына Bank CenterCredit қолдауымен қайта жарық көрген Әбіш Кекілбаевтың «Елең-алаң» романының 90 данасы сыйға табысталды. Бұл игі бастама студенттер мен оқытушылардың ұлттық әдеби мұрамен тереңірек танысуына мүмкіндік береді.

Кітаптарды университет атынан Ғылым және инновациялар жөніндегі проректор Өтепқалиева Қансұлу Мұсақызы қабылдап алды. Ал басылымдарды Bank CenterCredit АҚ Атырау филиалы директорының орынбасары Даулеткалиева Жулдыз Толегеновна табыс етті.

«Елең-алаң» романы – Әбілқайыр хан дәуірі мен қазақ халқының тарихи тағдырын айқындаған кезеңдерді арқау еткен қазақ әдебиетіндегі маңызды шығармалардың бірі. Шығармада ел басқару, халық алдындағы жауапкершілік, ұлттық бірлік пен тарихи таңдау мәселелері терең көрініс тапқан.

Университет кітапханасына табысталған жаңа басылымдар студенттер мен оқытушылардың ғылыми-танымдық ізденістеріне серпін беріп, ұлттық әдеби мұраны дәріптеуге және жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыруға қызмет етеді.