Media resources
Білім мен тәжірибені тоғыстырған халықаралық бағдарлама
News

Білім мен тәжірибені тоғыстырған халықаралық бағдарлама

Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің Көптілді білім беру факультетінің «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының студенттері Нұрай Кенжебек, Анар Мүбәракова, Жадыра Мирамова, Еділ Хамзеев және София Шеге халықаралық бірлескен білім беру бағдарламасын сәтті тәмамдады.

Аталған бағдарлама университет пен Түркиядағы Niğde Ömer Halisdemir University арасындағы серіктестік аясында жүзеге асырылды. Студенттер екі оқу жылы бойы шетелдік жоғары оқу орнында білім алып, ағылшын тілін оқыту бағыты бойынша теориялық және практикалық дайындықтарын жетілдірді.

Халықаралық бағдарлама барысында қатысушылар академиялық пәндерді меңгеріп қана қоймай, жаңа білім беру тәжірибесімен танысып, мәдениетаралық ортада кәсіби құзыреттерін дамытуға мүмкіндік алды.

Бағдарламаның барлық талаптарын толық орындаған студенттерге оқуын табысты аяқтағанын растайтын арнайы сертификаттар табысталды.

Білім алушылардың бұл жетістігі табандылығы мен кәсіби әлеуетінің көрсеткіші болса, университеттің халықаралық байланыстарды нығайту және студенттерге әлемдік деңгейдегі білім алу мүмкіндігін ұсыну бағытындағы жүйелі жұмысының нәтижесі болып табылады.

Студенттерімізді маңызды белеспен құттықтап, алдағы білім жолында және болашақ кәсіби қызметінде жаңа табыстарға жете беруіне тілектеспіз!