Media resources
Хабарландыру!
Announcement

Хабарландыру!

2026-2027 оқу жылының 1 семестріне

Жоғары білім алу үдерісінде босаған бос білім беру гранттарына конкурс жарияланады

Бакалавриат бойынша:

1. В005-Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау 4 курс – 1 орын

2. В006-Музыка мұғалімдерін даярлау 3 курс – 1 орын

3. В016-Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау 3 курс – 1 орын

4. В016-Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау 4 курс – 1 орын

5. В031-Сән, дизайн 5 курс – 1 орын

6. В033-Дінтану және теология 3 курс – 1 орын

7. В050-Биологиялық және сабақтас ғылымдар 4 курс – 1 орын

8. В054-Физика 2 курс – 1 орын

9. В055-Математика және статистика 3 курс – 1 орын

10. В080-Балық шаруашылығы 2 курс – 1 орын

Магистратура бойынша:

1. М010-Математика педагогтерін даярлау 2 курс – 4 орын

2. М012-Информатика педагогтерін даярлау 2 курс – 1 орын

3. М013-Химия педагогтерін даярлау 2 курс – 2 орын

4. М017-Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау 2 курс – 2 орын

5. М094-Ақпараттық технологиялар 2 курс – 1 орын

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы N 58 қаулысына сәйкес "Бакалавр" немесе "магистр" дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережелеріне сәйкес

4-тарау. Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде "бакалавр" немесе "магистр" дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін босаған бос білім беру гранттарын беру тәртібі

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттары білім беру бағдарламаларының топтары бойынша ақылы негізде білім алушыларға конкурстық негізде беріледі.

Үлгерімнің GPA (Grade Point Average – Грейт Поинт Эверейдж) орташа балының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда бүкіл оқу кезеңі ішінде тек қана

А, А- ("үздік"), одан соң А, А- ("үздік") бағаларынан В+, В, В-, С+ ("жақсы") дейінгі бағалары бар, бұдан әрі – аралас бағалары бар білім алушылар басым құқыққа ие болады.

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттарын беру жазғы және қысқы каникул кезеңінде конкурстық негізде мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

1) ақылы негізде білім алушы басшысының атына одан әрі жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру гранты бойынша оқуға өтініш береді және транскрипт, жеке куәлік көшірмесімен тіркеледі;

2) келіп түскен өтініштер ғылыми кеңестің отырысында қаралады;

3) конкурс білім беру бағдарламаларының топтары, курс бөлінісінде аралық аттестаттау нәтижесі бойынша конкурсқа қатысу үшін құжаттар ұсынған басқа ақылы негізде білім алушылар арасында өткізіледі;

Өтініш беру сұрақтары бойынша факультет деканына хабарласыңыздар.

17.06.2026ж