Media resources
4 маусым - Мемлекеттік Рәміздер күні!
News

4 маусым - Мемлекеттік Рәміздер күні!

Мемлекеттік рәміздер күніне орай Атырау қаласындағы Ту тұғыр алаңында мерекелік іс-шара өтті. Елдік пен бірліктің нышанына айналған бұл шараға Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенттері мен профессор-оқытушылар құрамы қатысып, мемлекеттік рәміздерге деген құрметін көрсетті.

Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран – егемен еліміздің басты құндылықтары мен ұлттық мақтанышы. Олар халқымыздың тарихын, мәдениетін және жарқын болашаққа деген ұмтылысын бейнелейді.

Рәміздерді құрметтеу – елге деген сүйіспеншіліктің, азаматтық жауапкершілік пен патриоттық рухтың айқын белгісі.

#РәміздерРухы #КонституцияныңКүші #РәмізгеҚұрмет #Меніңтуымменіңмақтанышым