Media resources
“USTAZ ПРЕМИЯ 2026” атты мерекелік іс-шарасы өтті
News

“USTAZ ПРЕМИЯ 2026” атты мерекелік іс-шарасы өтті

Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университеті жанынан құрылған дарынды ер балаларға арналған «Ұстаз» мектеп-интернатының “USTAZ ПРЕМИЯ 2026” атты мерекелік іс-шарасы өтті.  

 

Кеш барысында оқу жылы ішінде жетістікке жеткен үздік оқушылар мен білім мен тәрбиені қатар ұштастырып жүрген ұлағатты ұстаздар түрлі номинациялар бойынша марапатталды.

 

Іс-шарада «Ұстаз» мектеп-интернатының директоры Қалуова Сәнім Уапқызы сөз сөйлеп, білім ордасының жетістіктері мен шәкірттердің табыстарына тоқталды.  

 

Сонымен қатар Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің басқарма төрағасы-ректор,  Саламат Нұрмұханұлы құттықтау сөз сөйлеп, «Ұстаз» мектебінің ашылу тарихы мен оның жас ұрпақ тәрбиесіндегі маңызын ерекше атап өтті.  

 

«Ұстаз» мектеп-интернаты ұжымына сапалы білім мен саналы тәрбие жолындағы еңбектеріне толағай табыс, шығармашылық жетістік және дарынды шәкірттердің көп болуын тілейміз!