Media resources
«Сессия кезінде туындаған мәселелерге жауап» тақырыбында тікелей эфир өтті
News

«Сессия кезінде туындаған мәселелерге жауап» тақырыбында тікелей эфир өтті

Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Асхат Ералыұлы Чукуров «Сессия кезінде туындаған мәселелерге жауап» тақырыбында университеттің ресми парақшаларында тікелей эфир өткізді.

Онлайн форматта өткен эфир барысында проректор сессия кезеңінде студенттерге қойылатын негізгі талаптар, оқу үдерісінде жиі кездесетін мәселелер және оларды шешу жолдары туралы жан-жақты ақпарат берді.

Сонымен қатар, студенттер мен ата-аналар тарапынан жолданған сұрақтарға толыққанды жауап беріліп, емтихан тапсыру тәртібі, академиялық талаптар және оқу барысына қатысты маңызды мәліметтер түсіндірілді.

Эфир барысында талқыланған негізгі тақырыптардың бірі – жазғы семестр мәселесі болды. Асхат Ералыұлы жазғы семестрдің оқу мерзімі 6 аптаны құрайтынын нақтылады.

Сондай-ақ эфир соңында емтиханды қайта тапсыру құны, оқу ақысын төлеу тәртібі және студенттерді алаңдатқан өзге де сұрақтар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.