Media resources
«Отбасыдағы құқықтық тәрбие» тақырыбында  кездесу өтті
News

«Отбасыдағы құқықтық тәрбие» тақырыбында  кездесу өтті

Халел Досмұхамедұды атындағы Атырау университетінде «Заң және тәртіп» қағидаты аясында «Отбасыдағы құқықтық тәрбие» тақырыбында  кездесу өтті. Шараның негізгі мақсаты — отбасы құндылықтарын дәріптеу, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қоғамдағы құқықтық тәрбиенің маңызын насихаттау.

Кездесу барысында отбасының тұлға қалыптастырудағы рөлі, ата-ананың жауапкершілігі, құқықтық мәдениеттің қоғам дамуындағы орны кеңінен сөз болды. Ұйымдастырушылар құқықтық сауатты ұрпақ тәрбиелеу — мемлекеттің жарқын болашағының кепілі екенін атап өтті.

Шараға арнайы қонақ ретінде Атырау қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызмет аға инспекторы Берік Жандарбек қатысып, студенттермен еркін пікір алмасты. Ол құқықтық тәртіпті сақтау, жастар арасындағы жауапкершілік пен заңға құрмет мәселелері жөнінде ой бөлісіп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Сонымен қатар ҚТӘ мамандығының 1 курс студенті Шұғыла Есетқызы баяндама жасап, отбасы тәрбиесінің құқықтық сана қалыптастырудағы маңызына тоқталды.

Кездесуде студенттер құқықтық тәрбие, отбасы құндылығы және азаматтық жауапкершілік тақырыптарында өз пікірлерін білдіріп, мазмұнды ойларымен бөлісті.