Media resources
Өнер мен тағылым тоғысқан кеш
News

Өнер мен тағылым тоғысқан кеш

Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің акт залында қазақ өнерінің көрнекті өкілі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Мәкәлім Қойшыбаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған салтанатты концерт өтті. Ұлттық музыканы ұлықтаған бұл кеш студенттер мен оқытушылар қауымы үшін нағыз рухани азық пен мәдени демалысқа айналды. Сахна төрінде «Халықтық» Мәкәлім Қойшыбаев атындағы қазақ халық ұлт аспаптар оркестрі мен дирижер Артур Бержанұлы Қазиевтің шеберлігі паш етіліп, композитордың өлшеусіз мұрасы қайта жаңғырды. Өскелең ұрпаққа ғибрат сыйлаған бұл шара ұлттық өнердің мәртебесін асқақтатып, қазақ күйінің құдіретін тағы бір мәрте дәлелдеді. Осынау өнер мерекесін жоғары деңгейде ұйымдастырып, ұлы тұлғаларымыздың есімін дәріптеуге үлес қосқаны үшін М. Қойшыбаев атындағы балалар саз мектебінің ұжымына, барша өнерпаздар мен дирижер Артур Бержанұлына шексіз алғысымызды білдіреміз.