Media resources
Қоқан мемлекеттік университетінен ғалымдар келді
News

Қоқан мемлекеттік университетінен ғалымдар келді

Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетіне Өзбекстан Республикасы, Мұқими атындағы Қоқан мемлекеттік университетінен дәріс оқуға ғалымдар іссапармен келді.

-Холматова Зироат Анваровна – профессор, педагогика ғылымдарының докторы, педагогика кафедрасының меңгерушісі.
-Салиева Дилором Абдуллаевна – профессор, психология ғылымдарының кандидаты, психология кафедрасының меңгерушісі.

Қонақтарды Атырау университетінңі Стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректоры Алтынбасов Бахыт Өмірханұлы қабылдады.

Кездесу барысында тараптар ғылыми және академиялық ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Ғалымдарға алдағы жұмыстарына сәттілік тілей отырып, бірлесіп Scopus және Web of Science базаларында ғылыми мақалалар жариялау ұсынылды.

Сонымен қатар педагогика және психология кафедралары арасында қос диплом бағдарламасын әзірлеу және академиялық ұтқырлық аясында студенттер алмасу мәселелері бойынша ұсыныстар білдірілді.