Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде “Музыкалық мұғалімдерін даярлау” білім бағдарламасының «Музыкалық аспап» пәні бойынша XVIII республикалық студенттік пәндік олимпиаданың жабылу салтанаты өтті.
Екі күнге созылған олимпиадаға еліміздің 12 жоғары оқу орнынан 24 студент қатысып, кәсіби орындаушылық деңгейін, шығармашылық қабілеттерін және сахна мәдениетін жоғары деңгейде көрсетті. 🎶
Қазылар алқасының шешімімен үздіктер анықталып, жеңімпаздар марапатталды:
🥇 I орын — Акунов Даниял (Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті)
🥈 II орын — Агабекова Аружан (Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті); Пытьева Виктория (М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті)
🥉 III орын — Мубарак Айдана (Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті); Азим Марьям (М. Х. Дулати атындағы Тараз университеті); Нартайқызы Ақбала (Ө. Жәнибеков атындағы педагогикалық университеті).
✨ Бұл олимпиада ұлттық музыка өнерін дәріптеуге, жас таланттардың кәсіби дамуына серпін беруге және тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін маңызды алаңға айналды.
🎶 Барлық жеңімпаздар мен қатысушыларға табыс тілейміз!