2026 жылы 29 сәуір күні Атырау қаласы №51 жалпы орта білім беретін мектептің 9 және 11 сыныптар оқушыларына "Future Market – Болашақ мамандықтар алаңы" атты кәсіби бағдар беру мақсатында Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің профессор-оқытушылар құрамдарының өкілдері қатысумен кездесу өтілді.
Кездесу барысында оқушыларға қазіргі еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар, болашақтағы жаңа кәсіптер мен олардың ерекшеліктері туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар, мамандық таңдаудағы маңызды қадамдар, жеке қабілеттер мен қызығушылықтарды ескеру қажеттілігі түсіндірілді.
Іс-шараға қатысқан мамандар өз тәжірибелерімен бөлісіп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Оқушылар түрлі бағыттар бойынша ақпарат алып, өздерінің болашақ мамандықтарын анықтауға бағыт-бағдар алды.
Мұндай кездесулер жасөспірімдердің саналы түрде мамандық таңдауына, еңбек нарығының талаптарын түсінуіне және өз болашағын жоспарлауына үлкен ықпал етеді.