2026 жылдың 28-29 сәуір күндері Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті Көптілді білім беру факультеті, Аударма ісі және шетел тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен 6В02301-Аударма ісі (Француз тілі секциясы) ББ бойынша XVIII Республикалық алғаш рет пәндік олимпиада өтті.
Олимпиадаға еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Бұл өз кезегінде аталған білім сайысының республикалық деңгейдегі маңызын айқындап, жоғары оқу орындары арасындағы академиялық ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік берді.
Олимпиада 2 кезеңнен тұрды. Студенттер француз тілінде жазбаша аударма және ауызша аударма бойынша білімдерін сынады.
Әділ қазылар алқасына Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті жанындағы Сарбонна институтының филология ғылымдарының кандидаты, профессор Гульнар Асқарова және
Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің Аударма және филология факультеті, Роман тілдері кафедрасының аға оқытушысы Гүлбақыт Шалшықбаева шақырылды.
Олимпиаданың соңғы күні әділ-қазылар алқасының қорытынды шешімі жарияланып және жеңімпаздарды Әлеуметтік мәселелер және жастар саяты жөніндегі проректоры Ляйля Койшыгулова құттықтап, салтанатты түрде марапаттады.
«6В02301-Аударма ісі (Француз тілі секциясы)» білім бағдарламасының Республикалық пәндік олимпиада нәтижесі бойынша марапатталған жеңімпаздар тізімі төмендегідей:
Қазақ бөлімі бойынша:
I орын – Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенті Файзуллаева Анар, жетекшісі: Бисенбиева Райгүл Сарсенгалиевна.
II орын – Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ студенті Мурсалим Аяулым, жетекшісі: Кульбаева Аида Рустемовна.
II орын - Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенті Молдаш Жансерік, жетекшісі: Хайржанова Ахмарал Хатифқызы.
III орын – Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенті Болат Орынгүл Болатқызы, жетекшісі: Кунасова Асель Ниеткалиевна
III орын – Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенті Қайратқызы Арайлым, жетекшісі: Исламова Асия Болатқызы.
Орыс бөлімі бойынша:
I орын – Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ студенті Брежнева Алена, жетекшісі: Бақтиярова Райгуль Муратовна
II орын – Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенттері Козьмин Владимир, жетекшісі: Исламова Асия Болатқызы
II орын - Аскарова Айшабибі, жетекшісі: Бисенбиева Райгүл Сарсенгалиевна
III орын – Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенті Глебов Константин, жетекшісі: Кунасова Асель Ниеткалиевна
III орын – Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенті Бердикулов Арун, жетекшісі: Бисенбиева Райгуль Сарсенгалиевна
Олимпиада – тек білім мен біліктің ғана емес, табандылық пен ізденістің, шығармашылық пен достықтың алаңы. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!