Media resources
Таза Қазақстан – ортақ үйіміз
News

Таза Қазақстан – ортақ үйіміз

Бүгін «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында еліміздің барлық өңірінде кең көлемді көгалдандыру жұмыстары өтті. Аталған игі бастама Мемлекет басшысының қатысуымен тікелей эфирде ұйымдастырылып, бүкіл ел бойынша бір мезетте жүзеге асырылды.

 

Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау университеті бұл маңызды шарадан тыс қалмай, белсенділік танытты. Акцияға жалпы саны  130-дан астам адам қатысып, олардың қатарында студенттермен бірге университеттің профессор-оқытушылар құрамы да болды. Қатысушылар Атырау қаласындағы «Жастар» саябағында ағаш көшеттерін отырғызып, қаланың экологиялық ахуалын жақсартуға өз үлестерін қосты.

 

Табиғатты қорғау – баршамызға ортақ міндет. Университетіміздің жастары мен ұстаздары мұндай бастамаларға белсене қатысу арқылы жоғары экологиялық мәдениетін көрсетіп қана қоймай, ел болашағына деген жауапкершілігін айқындай түсуде.