Media resources
Халықаралық ынтымақтастық бағытындағы маңызды кездесу
News

Халықаралық ынтымақтастық бағытындағы маңызды кездесу

Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде Стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректорыБахыт Алтынбасовтың бастамасымен Өзбекстан Республикасы, Бұхара қаласында орналасқан Азия халықаралық университетімен халықаралық байланыстарды кеңейту және интернационалдандыру бағытында онлайн форматта ресми кездесу өтті.

Кездесудің негізгі мақсаты:
Халықаралық ынтымақтастықты дамыту;
Академиялық әріптестікті нығайту (бірлескен ғылыми мақалалар, жобалар, қос диплом бағдарламалары);
Оқытушылар мен студенттер арасында академиялық ұтқырлық және тәжірибе алмасу;
Erasmus+ бағдарламасы аясында бірлескен жобаларды жүзеге асыру.

Кездесу барысында Азия халықаралық университетінің Халықаралық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі проректоры Азамат Акбаров университет қызметімен таныстырып, оқу орнының халықаралық байланыстарының жоғары деңгейде екенін атап өтті. Сонымен қатар екі университет арасында ынтымақтастық туралы келісімшарт жасау, студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлық бағдарламалары аясында тәжірибе алмасуы және бірлескен ғылыми жұмыстар жүргізу мүмкіндіктері ұсынылды.

Кездесу екі жоғары оқу орны арасындағы ғылыми және академиялық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам болды. Тараптар ұзақ мерзімді әріптестік орнатуға, бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыруға және Scopus пен Web of Science базаларында мақалалар жариялауға уағдаласты.