Ректор «Түркі әлемі урбанистика саммитіне» қатысты
Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің Басқарма төрағасы-ректоры Саламат Идрисов Түркия Республикасының Самсун қаласына жұмыс сапарымен барып, «Түркі әлемі урбанистика саммитіне» қатысты.
Аталған саммит - түркі елдерінің ғылыми және академиялық байланыстарын нығайтатын маңызды халықаралық алаңдардың бірі. 22 сәуірге дейін жалғасатын жиын аясында сәулет және урбанистика салаларындағы өзекті мәселелер талқыланып, заманауи қалалардың тұрақты дамуына бағытталған тиімді шешімдер қарастырылуда. Қалалардың болашағы, инфрақұрылымдық даму, экологиялық тепе-теңдік және адамға жайлы орта қалыптастыру мәселелері кеңінен қамтылды.
Іс-шара барысында түркі мемлекеттерінің жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты дамытуға ерекше назар аударылды. Саммит жаңа серіктестіктер орнатуға, бұрынғы байланыстарды тереңдетуге және нақты нәтижелерге бағытталған бастамаларды іске асыруға мүмкіндік берді.
Сонымен қатар саммит аясында «Түркі әлемі университеттерінің Самсун декларациясына» қол қою рәсімі жоспарланған. Бұл құжат түркі елдерінің білім беру кеңістігіндегі ықпалдастықты жаңа деңгейге көтеріп, ортақ мақсаттарға қол жеткізу жолындағы маңызды қадам болмақ.
📷 Дополнительные изображения