Media Image
14.04.2026 3

Мектеп түлектеріне кәсіби бағдар беру шарасы өтті

Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университеті Махамбет ауданы Алмалы ауылындағы мектептің бітіруші сынып оқушыларымен кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізу мақсатында кездесу өткізді.
Аталған іс-шара оқушыларға болашақ мамандық пен білім беру бағытын таңдауға бағытталды. Кездесу барысында түлектерге сұранысқа ие мамандықтар, университетке түсу ережелері, сондай-ақ қазіргі еңбек нарығының талаптары туралы ақпарат ұсынылды.

Кездесу аясында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, түрлі мамандықтардың болашағын талқылауға және әрі қарайғы оқу бағытын анықтауға мүмкіндік алды. Әсіресе, түлектердің жеке қызығушылықтары, қабілеттері мен бейімділіктерін ескере отырып, саналы түрде мамандық таңдауына ерекше көңіл бөлінді.

Өткізілген кездесу оқушылардың ақпараттық деңгейін арттырып, болашақ кәсіби жолын таңдауда маңызды шешім қабылдауға дайындықтарын күшейтті.

📷 Дополнительные изображения