Директолар кеңесінің төрағасы Бейбіт Мамраевтың 12 сәуір - Ғылым күнімен құттықтауы
Құрметті ғалымдар, оқытушылар, докторанттар, магистранттар!
Директорлар кеңесінің атынан Сіздерді Қазақстанның Ғылым күнімен құттықтаймыз!
Ғылым - ел экономикасының дамуында үлкен рөл атқарады. Ғылымсыз, білімсіз, жаңа технологиялар мен цифрландырусыз экономикада, әлеуметтік салада да табысқа жету мүмкін емес екеніне сенімдіміз.
Қазақстандық ғалымдар перспективалық бағыттарды дамыта отырып, маңызды міндеттерді шешуде белсенді жұмыс атқаруда.
Мемлекет өз тарапынан отандық ғылымның дамуына, ғылыми орталықтарды қолдауға үздіксіз жағдай жасайды.Жыл сайын біздің ұжымның ғылыми әлеуеті артып, осы орайда ғылыми мектептер қалыптасып келеді, сонымен қатар іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізіліп, халықаралық байланыстар дамуда.
Ғалымның еңбегі әрдайым ізденісте және үздіксізжұмыс болып табылады.
Сіз, отандық ғылымның дамуына өзіңіздің еңбегіңізбен, күш-жігеріңізбен және құлшынысыңызбен баға жетпес үлес қосасыз. Осы айтулы күні сіздерге күнделікті қажырлы еңбектеріңіз үшін алғыс айтқымыз келеді.
Отандық ғылымның рухы - бірегей жобалар мен жұмыстардың үздіксіз дамуының көрінісі. Әр жаңа күн шығармашылық және бірегей идеялар, пайдалы және керемет жаңалықтар, қызықты және лайықты жетістіктерашуда.
Құрметті әріптестер!
Бұл күн жаңа идеялардың бастауы және одан әріжетістіктерге толы болсын. Сізге сарқылмас қуат, жемісті жұмыс және жарқын ғылыми жаңалықтар тілейміз.
Директолар кеңесінің төрағасы
профессор, Б. Мамраев