Media Image
09.04.2026 5

Білім беру реформаларына арналған ғылыми-әдістемелік семинар өтті

Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде Математика және математиканы оқыту әдістемесі кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазіргі білім беру реформалары: әлемдік үрдістер мен ұлттық контексті Майкл Фулланның өзгерістер теориясы тұрғысынан талдау» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар өтті.
Семинарға оқытушылар, магистранттар және білім беру саласының мамандары қатысып, қазіргі білім беру реформаларының теориялық және әдіснамалық негіздерін талқылады. 

Жиын барысында «Математика. Білім беру үдерісін басқару» білім беру бағдарламасының 1-курс магистранттары баяндамалар жасап, өз зерттеулерін ұсынды. Атап айтқанда, Сүйкімді Қуанышова білім беру реформаларының теориялық-әдіснамалық негіздерін және әлемдік тәжірибедегі құндылықтарды талдады. Жаннұр Каримова әлемдік тәжірибедегі табысты және сәтсіз реформалар модельдеріне тоқталды.

Сондай-ақ, Жібек Мұғау Майкл Фуллан теориясы негізінде білім беру реформаларындағы оқытушының рөлін саралап, кәсіби дамудың маңызын атап өтті. Ал Әділбек Салқынбек Қазақстандағы білім беру жүйесіндегі өзгерістерді ұлттық контекст тұрғысынан талдады.

Семинар барысында қатысушылар «Неліктен кей реформалар жүзеге аспайды?» деген негізгі сұрақ төңірегінде пікір алмасып, білім беру реформаларын тиімді жүзеге асырудың ғылыми негіздері мен әдіснамалық тәсілдерін талқылады.

Шара қорытындысында білім беру реформаларының мазмұны мен мәні жан-жақты қарастырылып, әлемдік тәжірибе мен ұлттық ерекшеліктер арасындағы байланыс айқындалды. Қатысушылар өзара пікір алмасып, ғылыми көзқарастарын қалыптастыруға мүмкіндік алды.

📷 Дополнительные изображения