«XXI ғасырдағы түркі әлемі бейнелеу өнері мен дизайнының даму үрдістері»
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті Бейнелеу өнері және дизайн кафедрасы ұйымдастыруымен «XXI ғасырдағы түркі әлемі бейнелеу өнері мен дизайнының даму үрдістері» тақырыбында облыстық ғылыми семинар өтті.
Ғылыми семинардың басты мақсаты – түркі халықтарының қазіргі бейнелеу өнері мен дизайн саласындағы инновациялық бағыттарын талқылау, дәстүрлі өрнектер мен заманауи графикалық шешімдердің үйлесімін зерттеу, сондай-ақ жастардың ұлттық мұраны жаңа медиа арқылы дәріптеудегі рөлін арттыру.
Іс-шараға жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттері, магистранттар, оқытушылар, тәжірибелі дизайнерлер мен өнертанушылар қатысты.
Семинар барысында қатысушылар XXI ғасырдағы түркі әлемі өнеріндегі постмодерндік үрдістерді, дәстүрлі орнамент пен заманауи дизайнның интеграциясын, цифрлық графика мен UI/UX дизайнның даму ерекшеліктерін кеңінен талқылады. Сонымен қатар жас дизайнерлер мен суретшілерге арналған шеберлік сағаттары ұйымдастырылып, тәжірибе алмасу алаңы қалыптасты.
Семинар қорытындысы бойынша кафедра жанынан «Түрік әлемінің заманауи дизайны» атты шығармашылық зертхана ашу жоспарланып отыр. Бұл бастама алдағы уақытта жас мамандардың шығармашылық әлеуетін дамытуға және ұлттық дизайнды жаңа деңгейге көтеруге ықпал етпек.