Media Image
08.04.2026 7

Поздравляем!

Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде ғылым кандидаты немесе PhD дәрежесін алғаннан кейінгі ғылыми зерттеу кезеңі болып табылатын постдокторантура бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. Жас ғалымдарға өз зерттеу бағытын тереңдетуге, жаңа дағдылар игеруге және болашақта дербес зерттеуші ретінде қалыптасуға мүмкіндік бере отырып, импакт-факторлы журналдарда мақалалар жариялануға ынталандырады. 
Осы постдокторантура білім бағдарламасымен білім алушы Майдангалиева Жумагуль Алдияровнаға Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының бұйрығымен 2026 жылдың 6-сәуіріндегі 202-бұйрығымен 50300-Білім беру бағыты бойынша профессор атағы берілді.
Жумагуль Алдияровна ғылыми атағыңыз құтты болсын! Ғылымда жарқын жетістіктер тілейміз!