«Академик А.Жұбановтың ғылыми еңбектерінің өзектілігі» атты дөңгелек үстел өтті
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде өнертану кандидаты Бақыт Тұрмағамбетованың «Жас музыка зерттеушілер» Ғылыми мектебінің «Академик А.Жұбановтың ғылыми еңбектерінің өзектілігі» атты дөңгелек үстел өтті.
Бұл іс шара композитор, өнертану докторы, академик Ахмет Жұбановтың туғанына 120 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелде өнертанушы ғалымдар - ҚР ҒжЖБ ҒК М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының «Музыкатану» бөлімінің меңгерушісі ө.ғ.к., қауымдастырылған профессор Айнұр Қазтуғанова (Алматы қ.) мен М.Өтемісұлы атындағы БҚ университетінің аға оқытушысы, ө.ғ.к. Айгүл Ерғалиева (Орал қ.) онлайн қатысып, тың зерттеулерімен бөлісіп, қызықты баяндамалар оқыды.
Ғылыми мектептің шәкірттері, «дәстүрлі музыка өнері» ББ 1-курс студенттері Әсемай Құсайын, Аружан Хоблан өз баяндамаларымен қатысты. Пікір бөлісу арасында «музыка және өнер» кафедрасының студенттері Ахмет Жұбановтың «Ария», «Қарлығаш», «Би күйі» шығармаларын орындады.
📷 Дополнительные изображения