Media Image
23.12.2025 36

Бейбіт Мамраев Атырау университетінде қоғамдық қабылдау өткізді

Бүгін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Қоғамдық кеңесінің жаңадан сайланған төрағасы, мемлекет және қоғам қайраткері, профессор Бейбіт Мамраев Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде қоғамдық қабылдау өткізді   (https://www.facebook.com/share/p/1DXS5MY3fE/?mibextid=wwXIfr).  

Қоғамдық қабылдауға келген университеттің профессор-оқытушылары және қызметкерлері жоғары білім саласындағы маңызды өзгерістер, білім бағдарламаларын өзектендіру, ғылыми зерттеулер жүргізудегі аймақтың үлесі бойынша ұсыныстар айтты. Соңғы жылдары Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен ғылыми-зерттеулердің ауқымы өсіп, халықаралық байланысы нығайып, әлемдік білім кеңістігінде танымалдылығы өсті. Аймақ ғалымдарының педагогикалық мамандар дайындау және инклюзия мәселесі, ЖИ, Каспий теңізі экологиясы, балық және ауыл шаруашылығы саласында ғылыми-зерттеулері жалпы отандық ғылымның дамуына үлес қосуда.    

Осы орайда қоғамдық қабылдауға келген ғалымдар университеттің апатты деп танылған жатақханасы мен оқу ғимаратының орнына жаңадан студенттер үйін және оқу-зертханалық ғимарат салудың ұзаққа созылып кетуіне алаңдаушылық білдіріп, аталған мәселені қоғамдық кеңестің назарына алуды сұрады.