Media Image

11 июня 2025

Атыраулық делегация халықаралық мәдени мұра семинарына қатысуда

Атырау облысының бірқатар ғалымдары Алматы қаласында өтіп жатқан Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жанындағы материалдық емес мәдени мұра жөніндегі ұлттық комитеттің ұйымдастыруымен халықаралық семинарға қатысуда.

Семинарға Ұлттық комитет төрағасының орынбасары Рустам Музафаров, ЮНЕСКО - ның материалдық емес мәдени мұраны қорғау туралы 2003 жылғы Париж конвенция авторлары Сюзан Огге және Блейк Жанет қатысып, негізгі баяндамаларын жасады.

Іс-шараның маңыздылығы – мәдени мұраны сақтау, тарату және оны болашақ ұрпаққа жеткізу мәселелерін халықаралық тәжірибе аясында талқылауға бағытталғанында.

Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінен Х.Табылдиев атындағы «Каспий өңірінің тарихы, археологиясы және этнологиясы» ғылыми-зерттеу институтының директоры, т.ғ.д. Сайфулла Сапанов «Атырау – менің арман қалам» атты презентациясымен семинар жұмысына белсенді қатысты.

Сонымен қатар, Атырау облысынан семинарға облыстық Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының мәдениет және өнер мекемелерінің қызметін қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Мира Даулетбаева және Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі басшысының орынбасары Сая Газимова қатысуда.

Атырау университеті еліміздің мәдени мұрасын насихаттауға және халықаралық деңгейде ілгерілетуге үлес қосуды алға қарай да жалғастыра бермек!