Хайржанова Бибигуль Сейлхановна
Хайржанова Бибигуль Сейлхановна, педагогика ғылымдарының кандидаты, khairzhanova73@mail.ru, тел.:87758310173
Білімі, ғылыми дәрежесі мен атағы: 1995 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің филология факультетін «Филолог. Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы» мамандығын бітірді. 2008 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде кандидаттық диссертация қорғап, педагогика ғылымдарының кандидаты дәрежесін алды. (27.11.2008ж., №12 хаттама).
Ғылыми қызығушылықтары: Қазақ халық ауыз әдебиеті, әдебиеттің халықтығы, ұлттығы мен жалпыадамзаттық сипаттары, әдеби процесс, қазақ әдебиетінің әдеби байланысы, әдебиет теориясы.
Фундаменталды зерттеу бағдарламалары бойынша ғылыми гранттар: 1. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жоба, 2006-2007ж.ж. 2. 2012 жылы Аджип ККО грантын жеңіп, «Мұңай-газ терминдерінің орысша қазақша сөздігін» құрастырды.
Еңбек жолы: Еңбек өтілі 28 жыл. 1995 жылдан бастап Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы қызметінде жұмыс атқаруда. Ғылыми іс-сапарлар: 2022 жылы Түркия мемлекеті, Эрзурум қаласының Ататүрік университетіне ғылыми тағылымдамада болды.
Оқылған курстар: «Түрік тілі» курсы, Түркия мемлекеті, Стамбул университеті, 2019 жыл. Оқулықтар: 1. «Батыс өңірінің ақын жазушылары» кітабы 2. «Махамбет шығармалары арқылы жас ұрпақты отаншылдыққа шақыру» кітабы
Таңдалмалы басылымдар (соңғы 5 жыл) 1. «Ерлік пен елдіктің өшпес рухы», Атырау, 2020 2. «Қол бастаған көсем, сөз бастаған шешен», Атырау, 2021 3. «Махамбет шығармаларын зерттеудегі Зейнолла Қабдолов еңбектері», ҚазМУ, Алматы, 2022 4. « Абай шығармаларындағы адамгершілік тақырыбы», Түркия, Ататүрік университеті, мамыр, 2023