Шугаева Гулшат Конратовна

12.06.2025 55

  Шугаева Гулшат Конратовна- психология және педагогика кафедрасының қауымд..профессоры Байланыс мәліметтері: Эл.почта:gshugayeva@mail.ru Моб.тел.: +7-701-4043178
Білімі, ғылыми дәрежесі мен атағы: 1986 жылы Гурьев педагогикалық институтының (қазіргі Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті) тарих -филология факультетін бітірді.
Мамандығы: «Ұлт мектептеріндегі орыс тілі мен әдебиеті», квалификация: «Ұлт мектептеріндегі орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі». 1997 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің күндізгі оқу аспирантурасын бітірді. 2016 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің инновациялық білім беру факультетін бітірді. Мамандығы: «5В010500 – Дефектология», академиялық дәрежесі: «Білім бакалавры». 2006 жылы «13.00.01- Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін кандидаттық диссертациясын қорғады.
Ғылыми қызығушылықтары: педагогика, психология, арнайы педагогика, инклюзивті білім беру. Кәсіби қызметі: Кәсіби өтілі: 37 жыл. Оқытушы, аға оқытушы, факультет деканының орынбасары, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды.
Марапаттары: «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» Мемлекеттік гранты мен атағының иегері (2021ж.)
Оқитын курстары: Арнайы педагогика ( орыс және қазақ тілінде оқылады ), Инклюзивті білім беру (қазақ тілінде оқылады), Педагогика ( орыс және қазақ тілінде оқылады ), Психология ( орыс және қазақ тілінде оқылады ).
Оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар: «Қазақстандағы шағын жинақталған мектептердің дамуы». Оқулық, Қарағанды, 2021, «Психолог қызметіндегі кәсіби этика» Оқу құралы, Алматы, 2020ж., «Жеке тұлға психодиагностикасы (практикалық материалдар)» Оқу-әдістемелік құралы, Атырау, 2020 ж., «Жетістікке жету және көшбасшылық» Оқу-әдістемелік құралы, «Pedagogy» (ағылшын тілінде)- Оқу-әдістемелік құралы, Атырау,2021.
Таңдамалы жарияланымдар (соңғы 5 жылда) 50-ге жуық психология және педагогиканың өзекті мәселелері бойынша Қазақстанда және шетелде өткен халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференциялар материалдарында жарияланған ғылыми мақалалар авторы. Оның ішінде 2 мақала Web of Science басылымында жарияланған, 10 мақала ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынатын ғылыми басылым тізбесінде бар басылымдарда жарияланған. 4 оқу-әдістемелік құралы, 1 оқу құралы, 1 электрондық оқулық, жобамен оқыту бойынша авторлық құқық берілген әдістемелік нұсқаулықтың авторлардың бірі. 1.Оқушылар мазасыздығы мәселесінің зерттелінуі жағдайы. «Қазақстанның ғылымы мен өмірі» Халықаралық ғылыми журнал, Алматы, №12/2 2019 2. Оқытушы мен студенттің тұлғааралық қатынасының мазмұнын жетілдірудің ерекшеліктері. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетi ХАБАРШЫ «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(64), 2019 ж. 3.ЖОО-да болашақ мамандарды мектептегі инклюзивті білім беру жүйесіне дайындаудың мүмкіндіктері. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетi Педагогика және психология Ғылыми-әдістемелік журнал. №1(42) 2020 4. Болашақ мамандардың адамгершілік жауапкершілігін қалыптастырудың мәні мен мазмұны. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетi ХАБАРШЫ «Педагогика ғылымдары» сериясы, №1(61), 2019 ж., Алматы 5.Мұғалімнің маңызыды сапасы ретінде педагогикалық толеранттылықтың психологиялық мазмұны.«Қазақстанның ғылымы мен өмірі» Халықаралық ғылыми журнал, Алматы, №5/2 2020 6. Дарынды оқушылардың ішкі тұлғалық дамуының психологиялық аспектілері. Торайғыров университетінің хабаршысы«Педагогика » сериясы, №4, 2022 ж., Павлодар