Бердіғожин Лесқали Базарғалиұлы
Бердіғожин Лесқали Базарғалиұлы-тарих ғылымдарының докторы,қауымдастырылған профессор.
Тел:8778 386 5864
Білімі, ғылыми дәрежесі және атағы: 1964 жылы Атырау облысы, Мақат кентінде мұнайшылар жанұясында дүниеге келген. Ұлты қазақ, білімі жоғары. 1981 жылы Гурьев педагогика институтына түсіп, 1986 жылы тарих, қоғамтану және кеңестік мемлекеттік құқық мамандығы бойынша бітірген. 2004 жылы Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтында 07.00.09- тарихнама, деректану және тарихи зерттеу әдістері мамандығы бойынша Қазақ халқының Исатай Тайманұлы мен махамбет Өтемісұлы басқарған халық азаттық күресі тарихының деректік негізі мен тарихнамасы тақырыбында ғылым кандидаты диссертациясын сәтті қорғады. 2010 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде 07.00.02-«Отан тарихы» мамандығы бойынша Қазақстан мұнай газ өндірісінің жұмысшы,инженер техникалық мамандарының қалыптасуы мен өсуі тақырыбында тарих ғылымдарының докторы диссертациясын қорғады.
Ғылыми қызығушылықтары Ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі бағыты: 1836-1838 жылдардағы Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы басқарған азаттық қозғалысының тарихнамасы, Қазақстан Республикасы мұнай-газ өндірісінің мамандары жөнінде.
Негізгі ғылыми бағдарламаларға арналған ғылыми гранттар:
Кәсіби қызмет: 1986- 1987 жылдары Кеңес әскері қатарында азаматтық міндетін атқарған. 1987 жылы 15-ші желтоқсанда Гурьев педагогика институтының «КСРО және жалпы тарих» кафедрасына конкурстық негізде оқытушы ретінде қызметке қабылданды. 1992 жылы аға оқытушы, Тарих және құқық факультеті деканның орынбасары лауазымында қызмет атқарды. 1997-2000 жылдары университет ғылыми кеңесінің хатшысы. 2001-2004 жылдары Заң факультеті деканы орынбасары болып қызмет атқарды. 2004-2005 оқу жылында Азаматтық құқық пәндері кафедрасының меңгерушілігіне тағайындалды. 2004 жылы қараша айынан 2011 жылғы 22 тамызға дейін Қызылорда «Болашақ» университетінде кафедра меңгерушісі, факультет деканы болып жұмыс жасады.2011 жылғы 15 тамызда Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің бірінші прореторы болып тағайындалды.Кейін,ректор кеңесшісі,Зейнолла Қабдолов атындағы гуманитарлық ғылымдар ғылыми-зерттеу орталығы жетекшісі,2019 жылдан «Қазақстан және дүниежүзі тарихы кафедрасының»меңгерушісі,қауымдастырылған профессоры
Ғылыми тағылымдамалар: 1989-1992 жылдар Мәскеу Мемлекеттік тарих және мұрағат институтының ізденушісі; 2002 жыл Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті білім жетілдіру институтының «Тарихнама, деректану, тарихи зерттеу әдісі» мамандығы бойынша курс тыңдаушысы; 2008 жыл Қызылорда облыстық білім жетілдіру институтының «Оқыту барысында жаңа технологияларды пайдалану» курсы тыңдаушысы; 2009 жыл Қызылорда облыстық білім жетілдіру институтының «Білім беруді жаңарту жағдайындағы менеджмент негіздері» курсы тыңдаушысы. 2017 жылы «Өрлеу»РМҚК білім жетілдіру курсы тыңдаушысы.2021 жылы «Назарбаев зияткерлік мектебі» білім жетілдіру курсы тыңдаушысы. 2022 жылы Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының «Қазақстан тарихын жаңаша зерделеу» атты курсы.
Оқытатын курстары: Отандық тарихтың іргелі мәселелері; Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихы; Қазақстан тарихының деректемесі.
Оқулықтар,оқу құралдары: 1.Нефтегазовая промышленность Казахстана.учебное пособия.-Кызылорда,2010. – 192 с. 2.Краткая история нефтегазовой промышленность Казахстана.учебное пособия.Кызылорда,2011. - 265 с. 3.Қазақстан мұнай-газ кешендері:тарихи экономикалық очерк. Оқу құралы.-Алматы,2011. -128 б. 4.Бөкей Ордасы: тарих және тұлғалар.монография. –Алматы,2019. -158 б.
Таңдалған басылымдар (соңғы 5 жылдағы) 1.Қазақстанның батыс өлкесіндегі ұлттық интеллигенция.монография.Алматы,2019.-248 б; 2.Нефтяные поселки Казахстана:История,демография,экономика. Киев,2019. Цен.тр научных публикации.13-18 стр 3.Нефтеностные районы Прикаспия:История,экономсика,экология. Киев,2019. Цен.тр научных публикации.18- 25стр 4.UDC 94 (574) KHISMETTABYLDIYEV IS A PROMINENT SCIENTIST AND ORGANIZER OF THE CASPIAN HIGHER SCHOOL Сборник публикаций мультидисциплинарного научного журнала «Архивариус» г. Киева: сборник со статьями (уровень стандарта, академический уровень). – К. : мультидисциплинарный научный журнал «Архивариус», 2020. – 49 с. ВЫПУСК 1 (46) (20 ЯНВАРЯ 2020 г.) 5.Professor K. Seitaliyev is an expert on the history of higher education in Kazakhstan Historical sciences «School of Science» • № 3 (28) 2020 6.Formation of Kazakh national elites in the late 19th and early 20th centuries | [Formarea elitelor naționale Kazahe la sfârșitul secolului al xix-lea – începutul secolului xx.] 2020 Codrul Cosminului 26(1), с. 57-72 7.ПЕДАГОГИЧЕСКАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ АБИШЕВА ТУХФАТА В КОНТЕКСТЕ РАЗВИТИЯ НАРОДНОГО ОБРАЗОВАНИЯ В ПРИКАСПИИ Наукосфера.2020.№11\2.стр 40-44 8.Қазақстан ауыл село кадрлық әлеуеті Қазақ тарихы.№11,2020 жыл 9.СЛАВНЫЙ ПУТЬ ПЕДАГОГОВ АТЫРАУСКОГО КРАЯ:ОТ ШКОЛ ЛИКБЕЗА ДО СРЕДНИХ ШКОЛ Е-Хистри.2020 №4 10.Национальная политика в Казахстане в 40-90-х гг. ХХ в.: успехи и перегибы Казахский национальный педагогический университет имени Абая ВЕСТНИК Серия «Исторические и социально-политические науки», No4(67), 2020 11.Нефтегазовая промышленность:история и современность (Oil and gas industry: history and modernity) «Школа Науки» • № 2 (51) • Февраль 2022 («School of Science» • № 2 (51) • February 2022 12.СТАНОВЛЕНИЕ КАЗАХСКОГО ХАНСТВА: НОВЫЙ ВЗГЛЯД НА ИСТОРИЮ Отан тарихы №2 (98) 2022 13.Исторические этапы развития нефтяной промышленности ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, серия «Исторические и социально -политические науки», No4(75), 2022 г