Media Image
19.03.2026 10

DIGITAL NAURYZ 2026 АЯСЫНДА ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ

Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде Бағдарламалық инженерия кафедрасының ұйымдастыруымен Digital Nauryz 2026 аясында “AI сервистер дәуіріндегі оқытушы: жеке цифрлық ассистент және интеллектуалды әріптес” тақырыбында оқу-әдістемелік семинар өткізілді.

Семинарға университеттің профессор-оқытушы құрамы мен студенттер қатысты.

Спикерлер “Бағдарламалық инженерия” кафедрасының сеньор лекторы Ардақ Амангелдіқызы және PhD, қауымдастырылған профессор Раушан Нұрқожаевна «AI сервистер дәуіріндегі оқытушы: жеке цифрлық ассистент және интеллектуалды әріптес» тақырыбында сөйлеп, қатысушыларға жасанды интеллекттің оқу процесіндегі көмегі, ЖИ құралдарының түрлері мен мүмкіндіктері, сондай-ақ тегін ЖИ қосымшалары арқылы фото, видео жасау және оларды жандандыру жолдары туралы кеңінен ақпарат берді.
Қатысушылар цифрлық ассистенттерді сабақта тиімді пайдалану, оқу материалдарын автоматтандыру және интерактивті ету жолдары бойынша нақты ақпарат алды.

Семинар оқу әдістемесін жетілдіруге, цифрлық технологияларды тиімді қолдануға және профессор-оқытушылар мен студенттердің кәсіби құзыреттерін арттыруға бағытталған мазмұнды алаң болды.

Барлық спикерлерге және қатысушыларға маңызды ақпаратпен бөліскендері және белсенді қатысқандары үшін алғыс білдіреміз!

📷 Дополнительные изображения